Әнуар Ахметов Пара-Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнуар Ахметов Пара-Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

21.10.2014
Әнуар Ахметов Пара-Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстандық жүзуші Әнуар Ахметов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Пара-Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Ол кешенді жүзуден 200 метр қашықтықта жеңіске жетіп, Азия рекордын орнатты.  Екінші орында - Жапония спортшы. Ал, қазақстандық Андрей Афанасьев қола жүлдені місе тұтты. Тағы бір қазақстандық Бекжан Есіркепов алтыншы орыннан көрінді.

Ел қоржынына үшінші алтын медальді Дмитрий Ли салды. Ол 400 метрге еркін стильде жүзу бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, арбада билеуден Ардақ Отарбаев пен Қарлығаш Тынабекова екінші орын алды. Олар стандартты бағдарлама бойынша сынға түсті.

Айта кетейік, Пара-Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынында 14 медаль (3 алтын, 5 күміс, 6 қола) бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан – 12-ші орында.

 

Сурет: vesti.kz

Хабарламаларға жазылу