Анкарада хоккейден әйелдер арасында топтық кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада хоккейден әйелдер арасында топтық кездесу өтті

20.10.2014
Анкарада  хоккейден әйелдер арасында топтық кездесу өтті

Анкарада әйелдер арасында хоккейден  Еуропа чемпиондар Кубогының алғашқы топтық кездесулері өтті.

«А» тобында өнер көрсеткен алматылық «Айсұлу» командасы жалпы есепте ІІ орынды иеленіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Алматылықтар тек Словакияның «Попрад» командасына есе жіберіп, «Миллениум Анкара» және Румынияның «Чикзереда» командаларын ұтты.  

Топтық кездесулердің екінші кезеңі желтоқсанның 5-і мен 7-і аралығында Ресей, Швеция және Щвейцария қалаларында өтеді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу