Еліміздегі кәсіби футбол клубтарының жұмысын жақсартатын маңызды қадам жасалды. Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің футбол премьер-лигалары өзара әріптестікті арттыруға бағытталған меморандумды бекітті.
Жалпы екі елдің футбол саласына жауапты мамандары бұған дейін де өзара қоян-қолтық жұмыс істеп келген. Алайда, аталмыш құжат енді екіжақты ынтымақтастықты ресми деңгейге шығарады.
Меморандумның арқасында отандық мамандар клубтар арасындағы футболды дамытудағы ресейліктердің тәжірибесін пайдалана алады.
Ал, Ресей тарапы өз кезегінде біздің елде істеліп жатқан жұмыстармен танысады. Мұндай қарым-қатынас, әсіресе, клубтық менеджмент және маркетингті дамыту үшін аса маңызды.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ