Қазақстандық палуан Нұрмахан Тінәлиев 130 келі салмақта Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Ол финалда Оңтүстік Корея палуаны Йонгмин Кимді 3:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Нұрмахан Тінәлиев финалға дейін өзбекстандық Аброрбек Мамасолиевті 4:1, ирандық Башир Бабаджанзаде Дарзиді 3:0, қырғыз Мурата Рамоновты 3:1 есебімен жеңген еді.