Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында таэквондодан кезекті жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.
57 келіде қазақстандық таэквондошы Ғания Әлзақ ширек финалға өтті.
Ол алдымен 1/16 айналымда Үндістан спортшысы Аарти Хакалды 15:8 есебімен ұтса, 1/8 финалда Мьянма елінің өкілі Аунг Эаймдруден 17:5 есебімен басым түсті.
Ғания Әлзақ жартылай финал жолдамасына қытайлық Юн Ванмен таласады.