Қазақстандық палуан Дәулет Шабанбай (125 келі) Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 16-шы күміс жүлдені салды.
Бүгін ол финалда Иран палуаны Парвиз Хади Басманжбен бозкілемде белдесіп, ұтылып қалды. Есеп — 1:3.
Айта кетейік, финалға дейін Дәулет Сирия және Жапония палуандарын жеңген болатын.