Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазастандық ескек есушілер тағы бір қола жүлдені жеңіп алды.
Бұл жолы 500 метр қашықтықта әйелдер арасында байдарка-төрттік бәсекесінде қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көрінді.
Ел құрамында сынға түскен Екатерина Калтенбергер, Кристина Абсинская, Зоя Ананченко мен Ирина Подойникова төрттігі мәреге үшінші келді. Қытай спортшылары жеңімпаз атанса, екінші орынды Оңтүстік Корея қыздары иеленді.