Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар өз жекпе-жектерін жалғастырды.
Қазақстандық боксшы Қайрат Ерәлиев (56 келі) жекпе-жек өткізбей, ширек финалға шықты. Себебі оның 1/8 финалдағы қарсыласы катарлық Отман Джумах Арбаби шаршы алаңға көтерілмей, жарыстан шықты.
Енді Қайрат ширек финалда иорданиялық Мохаммад Абдельазиз Мохамм Альвадимен жұдырықтасады. Иордания боксшысы 1/8 финалда тәжікстандық Асрор Вохидовты 2:1 есебімен жеңген болатын.
Фото: kfb.kz