Инчхондағы Азия ойындарында 85 келіге дейін салмақ дәрежесінде ауыр атлетикадан ерлер арасында жарыс аяқталды.
Қытайлық Тао Тиан серпе көтеруде және екі жаттығу қорытындысы бойынша рекорд орнатып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Екінші орынды ирандық Киануш Ростами, үшінші орынды өзбекстандық Ұлықбек Алимов алды. Ал қазақстандық Ербол Мейірманов 343 келі (156+187) көтеріп, 5-ші орын иеленді.
Ауыр атлетика. Ерлер. 85 келі. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)
1. Тао Тиан (Қытай) — 381 — Азия ойындарының рекорды (163+218 — Азия ойындарының рекорды)
2. Киануш Ростами (Иран) — 380 (172+208)
3. Улугбек Алимов (Өзбекстан) — 369 (164+205)
5. Ербол Мейірманов (Қазақстан) — 343 (156+187).