Инчхон-2014. Қазақстандық Дмитрий Баландин екі дүркін Азия ойындарының чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық Дмитрий Баландин екі дүркін Азия ойындарының чемпионы атанды

24.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық Дмитрий Баландин екі дүркін Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден Азия чемпионы атанды. екінші орында - жапониялық Яшуиро Косеки, үшінші орында - қытайлық Хянг Ли.

Қазақстандық жүзуші 4 жыл бұрынғы Азия ойындарында (Гуанчжоу-2010, Қытай) жапониялық Рио Татейши орнатқан (1:00.38) Азия ойындарының рекордын жаңартты.

  1. Дмитрий Баландин (Қазақстан) - 59.92
  2. Яшуиро Косеки (Жапония) + 0.31   
  3. Хянг Ли (Қытай) + 0.99   

Фото: AFP

Хабарламаларға жазылу