Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ат спорты бойынша ат үйрету сыны аяқталды.
«Алтын» мен «күміс» оңтүстіккореялық споршыларға - Донгсьён Кимге (тұлпары Файналли) және Юнгшик Хванға (тұлпары Фурстойберг) бұйырды. Қола медальді индонезиялық Ларасати Ирис Ришка Гадинг (тұлпары Валленштайн) ұтып алды.
Ал, қазақстандық Жанетт Боуман (тұлпары V-Power) 9-шы орынды місе тұтты.