Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошылар қорытынды медаль жиынтықтарын сарапқа салады.
Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Сауд Арабиясы құрамасын 5:0 есебімен, жартылай финалда Өзбекстан құрамасын 3:2 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.
Ел спортшыларының ендігі қарсыластары - Оңтүстік Корея құрамасы.
Сауд Арабиясымен өткізген кездесуде Азамат Мұқанов, Дастан Ықыбаев, Әзиз Қалқаманұлы, Тимур Болат және Ержан Шыныкеев өз белдесулерін жеңіспен аяқтады.
Өзбекстан құрамасымен өткізген кездесуде Азамат Мұқанов пен Әзиз Қалқаманұлы қарсыластарының осал тұсын таба алмаса, өз белдесуінде мықтылық танытқан Дастан Ықыбаев, Тимур Болат және Максим Раков финал жолдамасын жеңіп алды.
Фото AFP©