Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында стендттік оқу атудан әйелдер арасында жекелей сынның іріктеу кезеңі аяқталды.
Бұл бәсекеге үш қазақстандық спортшы Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко (суретте) және Оксана Середа қатысты.
Анастасия Давыдова үш кезеңнен тұратын іріктеу кезеңінде 71 ұпай (23, 24, 24) жинап, бірінші орынға ие болды. Мария Дмитриенко 70 ұпай (24, 24, 22) ұпай жинап, екінші және үшінші орынды Қытай қызы Жингу Жумен бөлісті.
Ал, Оксана Середа 59 ұпаймен (23, 18, 18) жалпы есепте 22-ші орынға тұрақтап, іріктеу кезеңінен өте алмады.
Айта кетейік, іріктеу кезеңіне қатысқан 34 спортшының тек 6-ы ғана жартылай финалға жолдама алды.