Бүгін Оңтүсік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден финалдық бәсекелер басталды.
Бұл спорттың сабля түрінен сапында Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Диана Паманша және Юлия Живица бар Қазақстан әйелдер құрамасы командалық жарыста жартылай финалға дейін жетіп, онда Қытай спортшыларынан 27:45 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Бұл қазақстандық спортшылардың XVII Жазғы Азия ойындарындағы алтыншы «қоласы».
Айта кетейік, қазақстандық қыздар Индонезия спортшыларынан 45:31 есебімен ұтып, жартылай финлға шыққан еді.
Бұл бәсекедегі екінші қола жүлдені Гонгконг спортшылары иеленді. Олар финалға берілетін жолдама үшін таласта Оңтүстік Корея спортшыларынан 19:45 есебімен ұтылды.
Фото: yahoo.com