Әні: С.Бәйтереков, сөзі: С.Тұрғынбеков
Егемен ертегі еліміз,
Бал бұлақ, бау-бақша жеріміз.
Түркістан түрленген, нұрланған,
Келіңіз, келіңіз, келіңіз!
Қайырмасы:
Бұлбұлы бақтарда сайраған,
Қыр гүлі құлпырып, жайнаған.
Ұл-қызы шаттығын тойлаған,
Киелі күмбезді Түркістан.
Бүгінде шуақты ертегі,
Көріндер куатты өлкені.
Тарихта таусылмас дастандай,
Ежелден бізге сыр шертеді.
Қайырмасы:
Бұлбұлы бақтарда сайраған,
Қыр гүлі құлпырып, жайнаған.
Ұл-қызы шаттығын тойлаған,
Киелі күмбезді Түркістан.
Түркістан - ән көзі, жыр көзі,
Алыстан көрінген күмбезі.
Түркістан - шығыстың шырайы,
Көгіңнен кетпеген күн көзі.
Қайырмасы:
Бұлбұлы бақтарда сайраған,
Қыр гүлі құлпырып, жайнаған.
Ұл-қызы шаттығын тойлаған,
Киелі күмбезді Түркістан.