Дзюдошы Мариан Ордабаева Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдошы Мариан Ордабаева Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

21.09.2014
Дзюдошы  Мариан Ордабаева  Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Мариан Ордабаева қола жүлдеге ие болды.

Ол 63 келі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін тартыста моңғол палуаны Мунгунчимег Балдорждан басым түсті.

Еске сала кетейік, Мариан Ордабаева іріктеу кезеңінде қырғыз палуаны Гүлжаз Саимованы айқын ұтқанымен, ширек финалда қытайлық Жуньхиа Янгтан айласын асыра алмады.

Ал, қола медаль үшін ынталандыру бәсекесінді Мариан Ордабаева Филиппин өкілі Киуоми Ватанабены ұтып, моңғол палуаны Мунгунчимег Балдоржға қарсылас атанған еді.

Хабарламаларға жазылу