Қазақстандық дзюдошы қыздар Айгүл Байқұлова мен Ленария Меңғазова финалға өте алмады.
48 келі салмақта Айгүл Байқұлова жартылай финалда жапондық Эми Ямагашидан жеңіліп қалды. Енді ол қола медаль үшін Солтүстік Корея елінің дзюдошысы Ким Сол Мимен белдеседі.
Ленария Меңғазова финалға берілетін жолдама үшін тартыста Түркіменстан палуаны Гүлбадам Бабамұратованы жеңе алмады.
Қола жүлде үшін тартыста Ленария үнді қызы Калпана Деви Зоудаммен белдеседі.