Инчхон-2014. Дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға шықты

20.09.2014
Инчхон-2014. Дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға шықты

Инчхондағы Азия ойындарында дзюдо жарысы басталды. Бүгін ерлер арасында 60 және 66 келіде, ал әйелдер арасында 48 бен 52 келі салмақта медальдар сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасынан Елдос Сметов (60 келі) 1/16 финалда тәжікстандық Кабатулло Аминовты ұтты. Ширек финалда гонконгтық Ю Кин Тингпен кездескен Елдос қарсыласын 110:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

Енді ол жапониялық Тору Шишимемен белдеседі.

 

Хабарламаларға жазылу