Инчхон-2014. Қазақстан Ұлттық құрамасы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстан Ұлттық құрамасы (ВИДЕО)

19.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстан Ұлттық құрамасы (ВИДЕО)

Инчхон қаласында өтетін XVII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты  барысында Қазақстан Туын Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шықты.

Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатқан «InchonAsiadMainStadium» нысаны 62 818 орынға лайықталған.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, биылғы додаға 45 мемлекеттен 15 326 атлет қатысады.

Жалпы, біздің елден Азия ойындарына барған 420 спортшы спорттың 39 түрінен қатысады. Ал, дода барысында барлығы 50 спорт түрінен 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады.  

Хабарламаларға жазылу