Қызылордада жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионына құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионына құрмет көрсетілді

03.09.2014
Қызылордада жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионына құрмет  көрсетілді

Қызылордалықтар Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарының, чемпионы палуан Бауыржан Жауынтаевқа құрмет көрсетті. Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған Бауыржан жарыстың бірінші күнінде Ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальды салған болатын.

Сайдың тасындай іріктелген кіл мықтының арасынан оқ бойы оза шапқан чемпионды аймақ басшысы қабылдап, жаңа пәтер кілтін табыстады. 17 жасында кіші Олимпиаданы бағындырған Бауыржанның ендігі арманы – Бразилияда өтетін ересектер сынында жеңістің ең биігіне  көтерілу.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу