Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен Манарбек Таутановты еске алуға арналған ел Кубогы жалғасуда. Бозкілем үстіндегі белдесулер өте тартысты өтіп жатыр.
Биылғы «Қазақстан барысында» бақ сынаған палуандардың көпшілігі осы жарыста шеберлік байқасуда. Командалық бәсекеде құрамында Айбек Нұғымаров пен Сұлтанбейбарыс Шаймерденов белдескен Шығыс Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға астаналықтар ие болды.
Қола жүлде Қарағанды командасының еншісінде. Енді екі күн бойы қатысушылар 6 салмақ дәрежесінде жекелей сында мықтыны анықтайтын болады
Ержан ЖАҚЫП