Нанкин Олимпиадасының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы спорттың 7-түрінен сынға түсті. Олардың арасынан тек спорттық гимнастикадан бақ сынаған жерлесеміздің жолы болды. Ербол Жантықов іріктеу кезеңінде 42 спортшының арасынан 17 – орынға табан тіреп, келесі айналымға шықты.
Ал, қыздар арасында сынға түскен Арайлым Қансейітова болса, соңғы екі бағдарламада қателіктерге бой алдырып, жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде, әлем мықтылары жиылған жарыста, 24-ші орыннан көрінді.
Александр Ким, спорттық гимнасикадан ҚР жастар құрамасының аға бапкері:
Біздің қарсыластарымыздың деңгейі өте жоғары. Қазақстандық спортшыларға қарағанда жастары үлкен. Тәжірибелері толысқан. Дегенмен, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы бағдарламаларда Ербол Жантықовтың жолы болады деп ойлаймын.