Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 5-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 5-ші орында

11.08.2014
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 5-ші орында

Ұлыбританияда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен X Халықаралық ойындарда  бақ сынаған спортшыларымыз елге оралды.

Қазақстан Ұлттық құрамасы 10 алтын, 9 күміс және 10 қола жүлде ұтып, жалпыкомандалық есепте  5-ші орынға ие болды. 

Халықаралық жарыста әлемнің 32 мемлекетінен 350-ден астам спортшы қатысқан.

Жерлестеріміз аталған жарыста спорттың 4 түрінен, суға жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі және жеңіл атлетикадан  сынға түсті.

 

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу