Оралда Қазақстан Бокс федерациясы кубогының кезекті туры басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Қазақстан Бокс федерациясы кубогының кезекті туры басталды

09.08.2014
Оралда Қазақстан Бокс федерациясы кубогының кезекті туры басталды

Бүгін Орал қаласында Қазақстан Бокс федерациясы кубогының кезекті туры басталды.

Жарысқа «Б» тобындағы Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының командалары қатысуда.

Айналмалы жүйе бойынша бүгін Орал мен Астана командалары сынға түссе, ертең Астана мен Тараз, үшінші күні Астана мен Орал командалары сайысады.

Ең көп ұпай жинағандары жартылай финалға өтетін болады. Естеріңізге сала кетейік, «А» және «С» тобындағы жарыстар аяқталып, Маңғыстау мен Ақмола облыстарының былғары қолғап шеберлері үздік шықты.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу