Футболдан Еуропа лигасының плей офф кезеңіне өткен қазақстандық қос команданың қарсыластары белгілі болды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде елордалық «Астана» футбол клубы испаниялық «Вильярреалға» қарсылас атанса, «Ақтөбе» командасы Польшаның «Легиясымен» ойнайды.
Алғашқы ойын тамыз айының 21-не жоспарланса, қарымта кездесулер 28-тамызға белгіленген. Екі командамыз да алғашқы ойындарын өз алаңдарында өткізеді.