Ескек есу спортынан Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескек есу спортынан Әлем чемпионаты басталды

07.08.2014
Ескек есу спортынан Әлем чемпионаты басталды

Мәскеуде ескек есу спортынан ересектер арасында 41-ші Әлем чемпионатының жалауы желбіреді.

Спорттық шараның ресми ашылу салтанатына Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Дмитрий Медведев арнайы қатысып, ескек есу шеберлеріне сәттілік тіледі.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы да бақ сынайтын болады.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу