Чехияның Брно қаласында волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан әлемдік Гран-при бәсекесінің екінші турында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Мексика командасымен болған ойында Александр Гутор шәкірттері 3:0 есебімен басым түсті.
Кездесу басталысымен ойын тізгінін қолдарына алған жерлестеріміз бірінші партияда 25:18 есебімен басым түсіп, екінші кезеңдеде сол қарқынынан таймай 25-16 есебімен алға шықты. Ал, үшінші партияда аруларымыз мексикалық волейболшыларға еш мүмкіндік бермей, 25:19 есебімен жеңіске жетті.