Хоккей: Ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккей: Ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалмақ

02.08.2014
Хоккей: Ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалмақ

Ресейлік маман Андрей Назаров хоккейден Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалмақ. Айта кетейік, ол 19 маусымнан бастап, астаналық «Барыс» клубының бас бапкері қызметін атқаруда.

Ресми тағайындау қыркүйек айының басында Хоккей федерациясының отырысында болмақ.

Осыған дейін Андрей Назаров ресейлік «Северсталь», «Витязь» және «Трактор» командаларында бапкер болса, өткен маусымда, Украина құрамасын баптаған болатын.

Рүстем БАЙДӘУЛЕТ

 

Хабарламаларға жазылу