Жерлесіміз Геннадий Головкин Нью-Йорктегі тамаша жеңісінен кейін іле-шала биыл тағы бір кездесу өткізетінін айтты. Осыдан соң әлемнің басылымдары Геннадийдің келесі қарсыласы туралы өз болжамдарын жасауда.
Біз де жерлесіміздің мүмкін деген 5 қарсыласын атап өтелік. Біріншісі - 28 жастағы Хулио Сезар Чавес. Ол кәсіпқой рингте 51 кездесу өткізіп, 48-де жеңіске жеткен.
Екіншісі - 33 жастағы пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, орта салмақтағы Әлем чемпионы. Ол 43 кездесудің 39-да жеңіп шықса, 4 қарсыласына жол берген.
Үшіншісі - Сэм Солиман. 40 жастағы спортшы IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы. 53 кездесу өткізіп, 44-де жеңіске жеткен.
Төртіншісі - 31 жастағы америкалық Питер Куиллин. 2012 жылы Әлем чемпионы атағына ие болған. Кәсіпқой рингте 31 қарсыласпен кездесіп, 22-де басым түскен.
Бесінші қарсыласы - Флойд Мейвезер. Бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы. 46 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Ал, жерлесіміз Геннадий Головкин болса өзінің соңғы жеңісінен кейін шаршы алаңда кіммен болса да кездесетінін айтты
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы:
Гил - өте тамаша боксшы. Осы жекпе-жек үшiн оған ризашылығымды бiлдiремiн. Болашақта мен осы салмақта барлық чемпиондық белдiктердi жеңiп алсам, деймiн. Келешекте Мигель Коттомен жұдырықтасқым келедi. Егер ең мықты шоу жасап, керемет жекпе-жек ұйымдастырғыларыңыз келсе, менiң промоутерiме қоңырау шалыңыздар. Мен әрқашанда дайынмын.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ