«Тур де Франс» велобәйгесінің 16-шы кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс» велобәйгесінің 16-шы кезеңі аяқталды

23.07.2014
«Тур де Франс» велобәйгесінің 16-шы кезеңі аяқталды

237 шақырымға созылған «Тур де Франс» велобәйгесінің 16-шы кезеңі австралиялық шабандоз Майкл Роджерстің жеңісімен аяқталды. «Team Tinkoff-Saxo» командасының мүшесі бұл қашықтықты 6 сағат 7 минут 10 секундта өтті.

Қазақстандық «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали негізгі  топпен бірге мәре сызығын кесіп, кезең жеңімпазынан 8 минут 32 секундқа кешікті.

Ал, жалпы есепте Винченцо Нибали топ бастап тұр. Бүгін велошабандоздар ең қиын таулы аймақтарда сынға түседі.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу