Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадион маңында айқау-шу. Жанкүйерлер билетке таласып жатыр. Екі күннен соң Чемпиондар Лигасы аясында «Ақтөбе» өз алаңында Тбилисидің «Динамосын» қабылдайды.
Билет стадион жанындағы 6 кассада сатылып жатыр. Түннен кезекке тұрғандардың қарқыны дүңгершікті көтеріп кетердей. Полицейлер күзетті күшейтіп, тәртіпті бақылауда.
12 мың билет жанкүйерлерге түгел жетпеуі мүмкін. Алыпсатардың қолына түспес үшін әр адамға 3 билеттен артық сатылмайды. Оның үстіне касса аз.
Аслан Жұмабаев, жанкүйер:
Әрбір жерден ашып, болмаса интернет касса ашып па, әр жерден сатса. Сол жерде футболсүйер қауымға, жанкүйерлерге өте тиімді болар еді. Сонда осы жердегідей төбелес, айқау-шу, халықтың бір-бірімен араздасуы болмайды.
Қажымұқан Демеуов, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион директоры:
Біздің жоспарымызда бар. Бірақ, қазір қаражат жоқ, оны істейтін. Оған үлкен қаражат керек.
Әлия ТАЛАСОВА