Халықаралық шахмат күніне орай Астанада жарыс өтті. Швейцариялық жүйе бойынша өткен блиц турнирде алғыр және тапқыр жеткіншектер жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшесі Ануар Исмағамбетов жас шахматшыларға шеберлік сағатын өткізді. Спорттық шараның басты мақсаты - жасөспірімдердің шахмат спортына қызығушылығын арттыру.