Әні мен сөзі: Тынышбай Рақым
Қимайтын жан екенсің жат ұяға,
Қарғам-ау, кез болдың-ау қапияда, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
Сүйсіндім сымбатыңа, қабағыңа,
Ұқсаттым асқар Алтай маралына, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
Алтайдың ар жағынан келген ару,
Жарқ етіп қарағаның - емге дәру, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.
Баянды болсын сенің құшар бағың,
Қолыңды қош айтысып, қыса алмадым, шіркін!
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалғаным тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманым,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.