Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Голвкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын атап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Голвкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын атап берді

08.07.2014
Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Голвкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын атап берді

Австралиялық боксшы Дэниэл Гил өзінің кезекті қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің әлсіз жері мен мықты тұсын атап берді, деп хабарлайды Vesti.kz. Автралиялықтың пікірінше, Головкиннің аяғы мен қолы жылдам қимылдағанымен, қорғанысқа аса мән бере бермейді екен. «Оған тигізу қиын шаруа емес, неге десеңіз ол көбіне өзінің қатты соққыларына сенеді. Головкин өзінің соққылары қарсыластарын есеңгіретіп тастайтынын білгендіктен, қорғанысты кей уақытта естен шығарып алып жатады», - дейді Дэниэл Гил. Геннадий Головкин өз атағын кезекті рет қорғап қалу мақсатында шілденің 26-ы күні шаршы алаңға шығатын болады. Ол чемпиондық атағын осымен 11-ші мәрте қорғамақ.

Хабарламаларға жазылу