Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық велошеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық велошеруі өтті

30.06.2014
Астанада «Қайсар керуен» бұқаралық  велошеруі өтті

Астанада мереке қарсаңында «Қайсар керуен» бұқаралық  велошеруі өтті. Оған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов те қатысты.

Идеяны құп көрген Олимпиада чемпиондары да бір-бір велосипедті тізгендеді. Веложарыс  ұзақтығы 4600 метрге созылды. Қатысушылар бұл қашықтықты 30 минутта  еңсерді.

Велошеруге барлығы 1500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында меценаттар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен эстрада жұлдыздары да бар.

Акцияға кез келген елордалық тұрғынның қатысуына мүмкіндік болды. Қайырымдылық шарадан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортты дамытуға жұмсалады.

Хабарламаларға жазылу