Дзюдодан үш елдің жастар құрама командалары Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан үш елдің жастар құрама командалары Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

24.06.2014
Дзюдодан үш елдің жастар құрама командалары Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде
Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Германия елдерінің дзюдодан жастар құрама командалары Астанада бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бұл шараның жас спортшыларға берері мол.
 
Үш ел арасындағы достық-ынтымақтастықты нығайту және спортшылардың өзара тәжірибе алмасуы мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығы жиынына барлығы 75 спортшы қатысуда.
 
Жаттығу жиыны маусым айының 26-на дейін жалғасады. Тамыз айының басында еліміздің Ұлттық құрамасы Берлин қаласында өтетін Халықаралық турнирге қатысады.
 
Ал, алдағы күзде құраманың мүшелері үшін ең үлкен сынақ Маямиде өтетін Әлем чемпионаты болмақ. Аталмыш жиын - сол чемпионат алдындағы дайындықтың алғашқы кезеңі.
 
Нұрбол Сүлейменов, дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері: 
Бұл - елдер арасындағы тәжірибе алмасу, достығымызды нығайту.
 
Оқу-жаттығу жиынына Германия құрамасын Ричард Траутманн бастап келіпті. Айта кетейік, Ричард Траутманн - әлемдік дзюдо тарихындағы ең күшті спортшылардың бірі. Жиын барысында Траутманн спортшыларға партерде мастер-класс өткізбекші.
 
Ричард Траутманн, дзюдодан Германия жастар құрамасының аға бапкері:
Қазақ дзюдошылары шапшаң қимылдайды және физикасы өте күшті. Бір айырмашылығы, сіздердің спортшыларыңыз қарсыласымен жақын байланыста белдеседі, ал, біз дистанцияны берік ұстанамыз. Стильдеріміз бөлек. Сондықтан, бізге көбірек тәжірибе алмасқан жөн. 

Хабарламаларға жазылу