Уругвай-Англия - 2:1 (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уругвай-Англия - 2:1 (ВИДЕО)

20.06.2014
Уругвай-Англия - 2:1 (ВИДЕО)
Футболдан Әлем чемпионаты аясында Уругвай мен Англия құрама командалары кездескен болатын.
 
Бұған дейін күтпеген жерден Костарикага ұтылған Уругвай командасы бұл жолы жасыл алаңда барын салды.
 
Биылғы Әлем чемпионатында Еуропалық командалардың аяқ алысы мардымсыз. Жарыстан ерте шығып қалған Испания құрамасынан соң тізімді Англия құрамасы жалғастырды.
 
Сан-Паулу аренасында өткен Уругвай-Англия командалары арасындағы кездесу ағылшындық жанкүйерлердің көңілін түсірді.
 
Италияға ұтылған соң «жеңіске жетеміз», деп шыққан ұлыбританиялықтар 39-шы минутта гол жіберіп алды. Каванидің тамаша пасын баспен қақпаға бағыттаған Суарес уругвайлықтарды алға жетеледі.
 
Англия құрамасы есепті тек 75-ші минутта ғана теңестіре алды. Әлем чемпионатындағы өзінің 10-шы ойынында алғашқы голын Уэйн Руни соқты.
 
Араға 10 минут салған соң «Ливерпульдің» шабуылшысы Суарес жанкүйерлерді  көкке көтерді.
 
Жалғыз өзі қорғаушы мен қақпашыға қарсы шығып, жақын маңнан жойқын соққы жасады. Бұл гол Уругвайға маңызды 3 ұпай әперді.
 
Ермұхамед Мәулен, тілші:
Англия құрама командасын 2:1 есебімен жеңгеннен кейін Уругвай құрамасында плей-офф сатысына өтетін тамаша мүмкіндік пайда болды. Екі бірдей голдың авторы - Суарес. 24-маусым күні уругвайлықтар италиялықтармен кездеседі.
 
Ермұхамед МӘУЛЕН

Хабарламаларға жазылу