Олардың негізгі талабы – жалақыны көтеру. Дегенмен, қалаға күні бұрын жеткен туристер мен фанаттар аз емес. Оларды Маракана стадионы мен Копакабана жағажайынан көптеп кездестіруге болады.
Жалпы алғанда, футбол турнирлері өтетін қалалар бүгінде Бразилияның туы тәрізді сары-жасыл түске енгендей. Дүниежүзілік матчардың символын мегаполистердің кез-келген жерінен кездестіруге болады.
Айта кетсек, футболдан Әлем чемпионаты осымен 20-шы рет өтеді. Бұған дейінгі 19 біріншілікте дәл осы Бразилия командасы бес рет жеңіске жеткен. Ал, 1950 жылы бұл мемлекет соғыстан кейінгі алғашқы чемпионатты қабылдағаны тарихтан белгілі.
Арыстан РЫСБЕК