Бразилияда Әлем чемпионаты кезінде қоғамдық тәртіпті 100 мың полицей қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда Әлем чемпионаты кезінде қоғамдық тәртіпті 100 мың полицей қадағалайды

11.06.2014
Бразилияда Әлем чемпионаты кезінде қоғамдық тәртіпті 100 мың полицей қадағалайды
Жаппай шерулер мен өршіген қылмыс. Бразилия футболдан Әлем чемпионатын осындай мәселелермен қабылдайын деп отыр.
 
Маусымның 12-де басталатын матчтар 12 қалада өтеді.
 
Ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 100 мың полицей мен 57 мың жауынгер тартылғалы  отыр. Ең бастысы, стадиондардағы тәртіпке ерекше мән берілмек.
 
Ал, Рио-де-Жанейродағы Иса Пайғамбардың ескерткіші алыстан аппақ болып көрінетін. Әлемдік чемпионат жақындағанда оның өңі Бразилияның туы тәрізді жасыл және сары түске өзгертілді.
 
Мұндай көріністі Буэнос-Айрестен де байқауға болады. Аргентина астанасындағы алып монумент те түнде айналасына сары-жасыл шуақ шашатын болды.
 
Ал, Мельбурн аспанында Рио-де-Жанейроның символы футболшы киімінде қалықтап жүр. Оның кеудесінде Австралия командасына айтылған «Сенімді сақта!» деген ұран жазылған.
 
Арыстан РЫСБЕК  

Хабарламаларға жазылу