Халықтық спорт ойындары мәреге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтық спорт ойындары мәреге жетті

10.06.2014
Халықтық спорт ойындары мәреге жетті
Байқоңырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен V облыстық Халықтық спорт ойындары аяқталды. Байқоңырда ұйымдастырудағы негізгі мақсат - осы қалада тұратын өзге ұлт өкілдеріне төл өнерімізді насихаттау. 
 
Сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан мыңға жуық спортшы қатысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты.
 
Дода спорттың 9 түрі бойынша өтті. Енді үздіктер қыркүйек айында Өскеменде өтетін дәстүрлі республикалық Халықтық ойындарда сынға түсетін болады.
 
Садық Мұстафаев, облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:
Халықтың достығын біріктіріп, спортшылардың дайындығын жақсарту.
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу