Бекболат Тілеуханов – «Елім менің» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Тілеуханов – «Елім менің»

18.07.2016
Бекболат Тілеуханов – «Елім менің»

 

Әні: Бекболат Тілеуханов, сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев

 

Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің!

Қазақстаным – жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім,

Бостандық еді-ау асыл арманың.

 

Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың-ей,

Берік болсын-оу босағаң!

 

Бабамның қаны, анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке-бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің!

 

Қайырмасы:

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін!

Берекең мен бірлігің-ей,

Таси берсін-оу өрісің!

Хабарламаларға жазылу