Жеті боксшымыз чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеті боксшымыз чемпион атанды

03.06.2014
Жеті боксшымыз чемпион атанды
Алматыда бокстан әскерилер арасында Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Финалға 8 қазақстандық боксшы шықты. Бұл бұрын соңды болмаған жетістік.
 
Аса тартысты әрі қызықты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша, ел қоржынында - 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль.
 
Жеңістің ең биік сатысына 49 келіде Олжас Байниязов көтерілсе, 52 келі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев алтыннан алқа тақты.
 
56 келіде Қайрат Ерәлиев жеңімпаз атанса, 60 келіде Бекман Сойлыбаев қарсылас шыдатпады.
 
Сондай ақ Бабыржан Момынов, Асқар Абдуллаев және Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионы атанды.
 
64 және 69 келіде сынға түскен Елдос Сарқұлов пен Сағадат Рахманқұлов қана жартылай финал сынынан сүрініп, қола жүлдені иеленді.  
 
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу