Спорттық шараның алғашқы күні былтыр жеңімпаз атанған Ішкі істер министірлігінің командасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасынан басым түсті. Турнир жеңімпазы 5 маусымда анықталады. Сайыстың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, волейбол спортын дамыту.
Нұрлан Абатов, жарысқа қатысушы:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кәсіби спортшылар бар. Дайындығымыз жақсы. Оларға төтеп бере аламыз деп ойлаймын.
Индира БЕКТЕНОВА