Биатлоннан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Головко шәкірттерінің нәтижесін қорытындылады. Спринт бойынша жарыс жолына
Ян Савицкий мен Сергей Наумик және Елена Хрусталева мен Дарья Усанова шыққан еді.
«Елена Хрусталева бабына еніп келеді. Ол үшін ең маңызды жарыс 14-ші ақпанда өтеді. Жекелей сында үздік нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Із қуалай жарысуда нысана көздеуден мүлт кетпеді», - дейді Андрей Головко.
Бас бапкердің сөзінше, Дарья Усановаға жылдамдық жетіспейді. Нысана көздеуде бір рет мүлт кеткен спортшының жылдамдығы азайған. Ал өткен маусымда оның жылдамдығы жоғары болып, нысана көздей алмаған.
Ерлер бәсекесінде сынға түскен Ян Савицкий Ванкувер Олимпиадасындағы нәтижесін қайталаған. Бапкерлер жарыс сайын бабына еніп келе жатқан биатлоншыдан жекелей сында да жақсы нәтиже күтеді.