Полторанин бүгінгі бәсекеге неге қатыспады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полторанин бүгінгі бәсекеге неге қатыспады?

28.04.2014
Полторанин бүгінгі бәсекеге неге қатыспады?
  Бүгін Сочи Олимпиадасындағы еркін стильде спринтерлік жарыстарға қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қатыспады. Бұл тактикалық өзгеріске байланысты белгілі қазақстандық жаттықтырушы Юрий Старостин өз ойымен бөлісті.
 
«Менің ойымша, Алексей Полтораниннің скиатлон жарысына қатысуы жоспарда болған жоқ. Ол үшін басты жарыс - 15 шақырымға созылатын классикалық стиль мен командалық спринт. Жекелей сынға қатысуы да мүмкін еді, бірақ міндетті емес. Алексей бүгінгі жарысқа қатыспай, бар күшін негізгі жарыстарға сақтап отыр», - дейді Старостин.

Хабарламаларға жазылу