Алматыда дәстүрлі спартакиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дәстүрлі спартакиада өтті

25.04.2014
Алматыда дәстүрлі спартакиада өтті

Алматы қаласында дәстүрлі спартакиада  мәресіне жетті. Әр саланы қамтыған мамандар спорттың 9 түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Бірі волейбол ойнаса, енді бірі жасыл алаңда доп тепті.
  
 Жарыс барысында айрықша өнерімен көзге түскендер марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Спорттық шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.
  
 «Халықтың 30 пайызы спортпен айналысуы үшін осындай шаралар қажет», дейді ұйымдастырушылар. 
 
Бауыржан Оспанов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы: 
Стадионның мүмкіндігіне қарай спорттың 9 түрінен ұйымдастырдық. 
 
Телжан КҮДЕРОВ

Хабарламаларға жазылу