«KAZsport» телеарнасы шетелдік журналистердің бағасына ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KAZsport» телеарнасы шетелдік журналистердің бағасына ие

24.04.2014
«KAZsport» телеарнасы шетелдік журналистердің бағасына ие
«KAZsport» телеарнасы шетелдік журналистердің үлкен бағасына ие. Бұл туралы ресейлік тілшілер Алматыда өткен халықаралық спорт журналистері мен республикалық арна мамандарымен бас қосқан шарада мәлімдеді.
 
Жиын барысында спорт журналистері комментаторлардың біліктілігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, сюжеттердің сапасы мен тікелей эфир кезіндегі туындайтын қиындықтарға тоқталды.
 
Ашылғанына бір жыл болмаған «KAZsport» телеарнасы әлем көз тіккен Сочи Олимпиадасынан тікелей хабар таратты. Жарыстардың толық нұсқасын Қазақстан көрермендеріне ұсынды.
 
Ендігі мақсат - маусым айында футболдан Бразилияда болатын Әлем чемпионатына 2 топтан тұратын комментаторларды жіберу. Осылайша арна жетекшілері спорттық бағдарламалардың рейтингісін көтермек
 
Диас Ахметшәріп, «KAZsport» телеарнасының директоры:
Техникалық жағынан көбінесе ресейліктер бізге қызығушылық танытуда. Өйткені, «KAZsport» телеарнасы алдыңғы қатарлы техникамен жабдықталған. Мамандар тұрғысынан айтатын болсақ, біздің мамандар өте білікті. Сондықтан. бұл жағынан біз ресейлік әріптестерімізден озып кетпесек, кем қалмадық.
 
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу