Ертең Астанада тұңғыш рет күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалауын желбіретеді. Қатысушылар қатарында әлемде мықты саналатын Жапония, Иран, Үндістан, Моңғолия сынды мемлекеттер бар.
Жалпы есепте құрлықтық сайысқа 20 мемлекеттен 300-ден астам палуан қатыспақ. Бұл туралы бүгін өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Спортшылар 8 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайтын болады.
Чемпионатқа грек-рим күресінен ұлттық құрама үздіктері Нұрмахан Тінәлиев, Алмат Кебіспаев және Даниал Гаджиев қатыспайды. Бас бапкер Таңат Сағындықтовтың айтуынша, олар осы маусымның басты бәсекесіне дайындалуда.
Таңат Сағындықов, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:
Алда Азия ойыдары мен Әлем чемпионаты тұр. Үш палуанды сол жарысқа дайындап жатырмыз. Ең басты мақсат - Азия ойындарында жеңіске жету.
Индира БЕКТЕНОВА