Теннис: С.Вавринка жерлесі Р.Федерерден басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннис: С.Вавринка жерлесі Р.Федерерден басым түсті

21.04.2014
Теннис: С.Вавринка жерлесі Р.Федерерден басым түсті
Монте-Карлодағы жүлде қоры 2 миллион 800 мың евроны құрайтын турнирдің финалында швейцарлық Станислас Вавринка өзінің жерлесі Роджер Федерерден басым түсті. 2 сағат 13 минутқа созылған кездесуде ол отандасын 4:6, 7:6, 6:2 есебімен жеңді.
 
Осы уақыт аралығында Станислас бес мәрте қарсыласына доп өткізіп және үш брейк-пойнтты жүзеге асырды.
 
Ал, Роджер Вавринканың берген добын екі мәрте қағып алған, бірақ, кейіннен бір рет қатеге бой алдырды. Осылайша, Вавринка осы маусымдағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Хабарламаларға жазылу