«Астана» «ВЭФ» командасымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» «ВЭФ» командасымен кездеседі

24.03.2014
«Астана» «ВЭФ» командасымен кездеседі

Бүгін «Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында ригалық  «ВЭФ» командасымен күш сынасатын болады. Бұл екі ұжым арасындағы биылғы маусымдағы екінші кездесу.  

 
Өткен жылдың 15-ші желтоқсанында өткен ойында Александр Трифунович шәкірттері 89:81 есебімен ұтқан болатын.
 
Елордалық клуб алдағы жауапты ойынға жан-жақты дайындалды. Сондықтан жанкүйерлерді жерге қаратпауы тиіс.
 
Сондай ақ, бұған дейін жарақатына байланысты алаңға шықпаған Антон Пономарев бабына келіп қатарға қосылды.
 
Ригада өтетін ойынды көрермен қауым «KAZsport» телеарнасынан 23:30-да тікелей эфирде көре алады.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу